Клиринг
САУДА - САТТЫҚҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА КЛИРИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
"Национальный Казахстанский Клиринговый Центр" ЖШС клирингтік орталығы сауда-саттыққа қатысушыларға "Modern Trading Solutions " тауар биржасы"АҚ сауда биржасының барлық тауар секцияларында жасалатын биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелердің кепілді орындалуын ұсынады.
Мәмілелерді орындау бойынша клирингке қатысушылардың міндеттемелерін орындау мақсатында биржа кепілдік қамтамасыз етуді енгізу бойынша талаптарды белгіледі.
Клирингтік орталық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға ие бола отырып, қамтамасыз ету құралдарының мөлшеріне сүйене отырып, биржалық мәмілелерден туындаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін клирингке қатысушыны кепілдік қамтамасыз ету құралдарының жеткіліктілігін бақылауды жүзеге асырады.
Биржалық мәмілеге қатысушылардың бірі шарттық міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, клирингтік орталық қатысушы-бұзушының кепілдік қорынан жәбірленуші тараптың атына ақшалай өтемақыны орындайды.